Русский Сайттың толық нұсқасы

Әйгілі модельер Пьер Карден Астанаға келмейтін болды

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2017
  • 1914

Францияның аты аңызға айналған дизайнер әрі сәулетші Пьер Карден денсаулығына байланысты Астанаға келмейтін болды. Бұл туралы бүгін Пьер Карден мода үйінің дизайнері, әрі мұрагері Родрига Базиликатти айтты. 95 жастағы кутюрье тізесін жарақаттап алған. Диор шәкірті Пьер Карден қыркүйектің бірі мен үші аралығында Қазақстанға арналған киімдерінің соңғы коллекциясын таныстырмақ еді. Бірақ көрсетілім болады. Оны сән үйінің мұрагері Родрига Базиликатти өткізеді.

Родрига Базиликатти, «PIERRE CARDIN» сән үйінің мұрагері:

Пьер Карденге ұзақ сапар ауыр тиетіндіктен, осы жолы келе алмады. Дегенмен, ол алдағы уақытта Қазақстанға бару жоспары барын айтты.