Өгей қызына азғындық жасаған оралдық 20 жылға сотталды. Бірақ сотталушы өз айыбын ақыры мойындаған жоқ. Сот материалдарынан белгілі болғандай, өгей әке 13 жастағы жеткіншекті алдап-сулап, жыныстық қатынасқа түсуге үгіттеген. Ақыры оңаша үйге апарып, арам ойын іске асырған. Кейін қызды тағы шақырған. Ал анасы басында қызының сөзіне сенбегенін айтады. Тек күйеуінің аудиохабарламасын тыңдағаннан кейін ғана мән беріпті. Сот айыптыға ең жоғары жаза кесті. Ол енді жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бірақ сотталушы кінәсін ақыры мойындамай қойды.
ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:
Басында қызымның айтқанына сенбейтін едім. Кейін күйеуімнің төсектес болуға шақырған аудиожазбасын тыңдағасын, бір сұмдықтың болғанына көзім жетті. Күйеуім қызымды «еш жеріңді ауыртпаймын, 15 мың теңге ақшасын төлеймін» деп азғырып жатыр. Сот әділ үкім шығарып, сұмырай өз жазасын алды!
Е. Карин