Үш минуттық дауыл Алтай аймағының астаң-кестеңін шығарды. Алапат жел ауылшаруашылығы кәсіпорнына тиесілі астық сақтауға арналған үлкен темір контейнерлерді жұлып әкеткен. Мұны жұмысшылардың бірі телефон камерасына түсіріп үлгерген. Астықты сақтауға арналған бұл қондырғыларды фермерлер жақында ғана сатып алған. Сол себепті толық орнатылмаған. Қатты дауыл сондай-ақ электр сымдарына, қоршауларға зақым келтірді, ал ауылдың ішінде терек құлап, тұрғын үйдің үстіне түскен. Абырой болғанда, адам аман.