Ал Елордада полициядан үш жыл бойы жасырынған қылмыскер ұсталды. Оған 2017 жылы Халықаралық іздеу жарияланған. Оқиға бас шаһардағы түнгі клубтардың бірінде болған. Қызға таласқан екі жігіттің бірі қарсыласын пышаққа жығады. Абырой болғанда жәбірленуші аман қалады. Бірақ, күдікті оқиға орнынан қашып үлгерген. Алдын-ала дерек бойынша, ер адам Ресейде және Қазақстанның шалғай аймақтарында жасырынған. ОЛ бұзақылық пен заңсыз қару сақтағаны үшін бұрын сотты болған. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Дмитрий ДЕМИДОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Біз оның елордадағы орналасқан жері туралы ақпарат алдық. Оны ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды айыпталушы 10 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ғ.Өтемісов