Русский Сайттың толық нұсқасы

Көші-қон полициясы 4,5 мыңнан астам құжатсыз азаматты анықтады

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2021
  • 2559

Көші-қон полициясы елімізде құжатсыз жүрген төрт жарым мыңнан астам  адамды анықтады. Оның үш мыңнан астамы құжаттандырылған, ал қалғанының азаматтығын анықтау әлі жүріп жатыр. Бұл туралы көші-қон полициясы басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл-   азаматтығы жоқ адамдар  -   КСРО паспортымен жүргендер және  бірде бір құжаты жоқтар.

Ғани ШЫМЫРБАЕВ, ІІМ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Еліміз тәуелсіздік алғалы отыз жыл өтсе де, КСРО үлгісіндегі паспортпен жүргендер көп. Олар Қазақстан аумағында туса да, құжаттарды рәсімдеуде аса көп қиындықтар туындамайды. Мәселе тек Көші-қон полициясы басқармасына жүгіну арқылы шешіліп жатады. Тіпті ескі үлгідегі паспортты қойып, бірде-бір құжаты жоқтар да бар. Олармен жұмыс сол елден оның туғанын айғақтайтын құжаттар сұрату арқылы шешіледі. Бұл уақыт алатын процесс.


Азаматтығы жоқ тұлғалар  Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарында жиі кездеседі. Мамандардың айтуынша, енді елімізде құжатсыз жүргендер бесінші маусымға  дейін жергілікті көші-қон қызметіне барып, мәртебесін анықтамаса,  әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Б. Сатуов