Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда жүзден астам адам шу шығарды

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2021
  • 1851

Тараздықтар қала әкімдігінің алдында қара шаңырағымыздан қуып жатыр деп шу көтерді. Айтуларынша жергілікті биліктің ескерту қағазы тыныштықтарын бұзған. Бір тілім хабарламада жекенің иелігіндегі жер учаскелері мен ондағы үйлерді сүрілетіні хабарланған. Тіпті мүліктерінің де бағасын шығарып беріпті. Ал тұрғындар баспаналарына берілген бағамен келіспейді. Наразы топтың жанайқайын аймақтағы әріптесім Берік Жұмабай жеткізеді.

Бұқараның айтуынша, қаланың қақ ортасындағы бұл аумақ, жуырда сүрілмекші. Соңғы жылдары осы ауданға әсем ғимараттар бой түзеп, демалыс орындары мен аллеялар жасалды. Бұған алғашында қуанған тұрғындар, енді далада қаламыз ба де үрейленіп отыр. Өйткені олардың баспаналары тұрған жер телімдерін, әкімдік мемлекет мұқтаждығы үшін алуды көздеген. Тіпті мүліктерінің бағасын шығарып беріпті. Ал, байырғы тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы.  

БЛИЦ:


- Қара шаңырақ деген болады. 50,60 жылдан бері тұрып жатқандар бар, осы жерде өсіп-өнген. Оларға келді да, аяқ астынан көшіңдер дейді. Жақсы көшейік, бірақ көшкенде мынандай қылып қорлаудың керегі жоқ. Баға деген қандай болып тур, нарықтың бағасы.

 - Енді көзіміз ашылып, әжептеуір жақсы болып, балаларымыз қыдыратын жер болып жатқанда бізді қуып жатыр. Қайда екенін біз білмейміз, қайда баратынымызды да білмейміз.

- У меня мать пенсионерка, болеет. Она говорит куда я пойду, Куда??? Щас квартиры 2-х комнатные стоят 15, 1-на комнатная 7 млн, 3-х комнатная 22 миллиона. Что она, куда она пойдет? Она на что будет дальше жить, палатки натянуть???

Сүрілуі тиіс жердің жалпы аумағы 8 гектар аумақты құрайды екен. Мұнда тек жеке үйлер ғана емес кәсіпкерлік нысандар да бар. Қала әкімінің шешіміне кәсіпкерлерде қарсы. Базыналарын айтып наразы топ көшеге шықты. Оларға басу айтуға қала әкімінің орынбасары келді. Шенеунік үйлерге бағалауды жеке бағалаушы компания жүргізгенін айтып, бастарын ала қашты.

Асхат ЕСЕНАЛИЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оценкамен келіспейтін болса, 20 күннің ішінде мен келісемін, я келіспеймін деп біздің жер бөліміне өткізеді. Сол жауапқа сәйкес келісемін дегендерді қойып қоямыз нақты. Келіспеймін деген азаматтарды заң аясында жүргізетін тәртіптері бар. Мысалы үшін судебный частный экспертиза қоюы мүмкін, независимый эксперт қоюы мүмкін, сот арқылы шешім қабылдануы мүмкін.

Әкімдік бұл аумаққа алдағы уақытта «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенін дамыту мақсатында түрлі нысандар салмақшы екен. Дегенмен тараптардың арасындағы дау жақынарада шешілмейтін секілді. Себебі, айқайға басқан тұрғындар орталықтағы үйлерін дұрыс бағаламаса, орнымыздан жылжымаймыз деп бекініп отыр. Әділдікке жету үшін көпшілік енді сотқа жүгінбекші.

Б.Жұмабайұлы