Русский Сайттың толық нұсқасы

Сапасы сын көтермейтін автожолдар қалай ақылы болмақ?

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2021
  • 1595

Сапасы сын көтермейтін автожолдарға ақша төлеу ақылға сыйымсыз. Бүгін жер-жерде жиналған жүк көліктерінің жүргізушілері, "Қазавтожолдың" жаңа қаулысына қарсылықтарын білдірді. Екі күннен бері жолға шықпай тұрғандар, мәселеге бұқараның назарын тағы аудартты. Олар тариф тым қымбат дейді. Оның үстіне жолдың сапасы мен қауіпсіздік мәселесін ешкім ойлап отырмағынан айтып, шағымданды. Өңірлердегі тілшілеріміз тақырыпты тарқатады.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Нәпәқасын жүк тасып табатын көлік жүргізушілері кешелі бері жұмыстарын тоқтатқан. Олар көліктерін жолдың бойына тізіп қойып, өз наразылықтарын ашық айтуда.

Жүргізушілердің айтуынша, сапасы сын көтермейтін жолдарды ақылы ету негізсіз. Онсыз да жанармайдың қымбаттығы мен тасымал бағасының төмендігі тытиғымызға тиіп бітті дейді.

Серік ОРАЗБЕКОВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Өзімнің машинаммен қызмет жасаймын. Грузотакси. Жетпейді. Машинаның ремонтына. Жолға Өскемен жаққа барып келген жігіттердің бәрі айтсын. Қалай баллоны атылып жатқанын.

Серік СҰЛТАНОВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Шопырлар енді 5-6 күнге дейін шықпаймыз осы талапты жоғары жақ естігенше. Шыққан күннің өзінде пайда болмаса, солярка міне кеше 199 еді, бүгін 200 теңге боп жатыр.

"Қазавтожол" бекіткен жаңа тариф қайдан алынған баға екенін түсіне алар емес.

Қасым МАМЫРБАЕВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Ел бойынша 18 жол, ақылы болады дейді. Қай жолдар үшін біз ақша төлеуіміз керек. Ойылған, азылған, шұңқыр жолдар үшін бе? Алдын-ала төлесең шақырымына 25 теңге, сол күні төлесең 37 теңге. Бұл қайдан шыққан баға?  

Жүк тасымалдаушылар мәселені шешпесе жүк тасымалдауды тоқтатамыз дейді. "Қазавтожол" басшылығы болса, баға әлі бекітілмегенін айтып ақталды. Ал, тегін жол бұдан былай болмайтынын кесіп айтты.

Өмірзақ ЕРЕНБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ «ҚАЗАВТОЖОЛ» МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Жүргізушілердің талаптары бәрі еске алынып, қазір осы раценкалары қаралу мезгілі жүріп жатыр. Бір жеті мөлшерінде арыздарды аламыз, соларды қарап шыққанан кейін решение қабылданады. Сол бір жетіден кейін белгілі болады тарифтер.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
 
Бұл мәселені жауаптылар алдағы жеті күн бойы қарамақ. Көлік жүргізушілері ақылы жасамас бұрын қауіпсіздікке де мән берсе болар еді дейді. Жер-жерде бас көтерген жүргізушілердің тағы бір тобын Атыраулық әріптесім тандап келді. Базаргүл, сөз өзіңізде.


Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:


Иә Әсем, атыраулық жүргізушілерді де алаңдап отырған осы мәселе. Нәпақасын күре жолдан табатындар, екі күннен бері өз наразылықтарын білдіруде. Маусым айынан бастап ақылы жол санатына қосылатын "Атырау-Бейнеу" тас жолы маңына 50-ге жуық жүргізуші жиналды.


Көпшіліктің айтуынша сапасы сын көтермейтін күре жолдарды ақылы жасауға әлі ерте. Шұрқ-тесік жолдардың айтпағанның өзінде, алдымыздан төрт-түлік шығып қала деп алаңдаймыз,- дейді.
 
Нұрболат ИМАНҒАЗИЕВ, КӘСІПКЕР:

Мен өзім Газель жүргізушісімін, шақырымына 7 теңге, ол өте көп. Ол себебі жүріп жүрген жолымыз ешқандай сынға келмейді. Орал бағытында, әсіресе, түнде мал шығып қала ма деп қорқып отырасың. Қыстыгүні қар түсіп жатады. Ешқандай техника көрмейсің ғой.

Басқаны былай қойғанда, ақылығы айналатын Атырау облысындағы 296 шақырымның үштен бірінің жағдайы қанағаттанарлықсыз. Оны арнайы мамандармен талдау жасаған аймақ атқамінерлерінің өздері айтып отыр.
 
Қайрат БЕКЕНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Біздің есептеу бойынша 100 шақырымға жуық  бізге жолымыз қанағатсыз деңгейде. Бүгінгі күні сапасыз жол бойынша әлі ақылы жол қосуға әлі ерте. Осы сіздер көтерген ұсыныс бұлар ауызша біздер қабылданды. Екіншіден осы айтылған әңгімеге біз хат жолдадық. Ресми түрде.

Наразы топ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазды. Олар алыс жолға жүретін жүк көліктерінің қауіпсіздігі басты назарға алынбай, тариф бекітілмеуін сұрап отыр.

Ә. Лесбек