Русский Сайттың толық нұсқасы

Халыққа 32 миллион гектар жайылым жер керек

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2021
  • 1416

Жыл өткен сайын ел ішінде жайлым жер тарылып келеді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, халыққа 32 миллион гектардан аса жайылым жер керек. Бұл мәселе әсіресе оңтүстікте, шығыста және солтүстікте өзекті болып отыр. Жайлым жер «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысында қаралды. Жиналғандар проблеманың ушығып тұрғанын айтты, оған жол бергендерді сынға алды. Кеңес төрағасының сөзінше, мал шаруашылығына арналған қоғамдық өріс мәселесі заңдық тұрғыдан қарастырылып жатыр.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Осы мәселені заңдық тұрғыдан шешіп алу керек. Ол мәселе жер комиссиясында да қаралды және қазір парламентте жер қатынастары жөніндегі заң парламентте қазір қаралып жатыр. «Nur Otan» партиясының ең негізгі миссиясы - халықтың мұң-мүддесін шешу. Екінші жағынан әділеттілік принциптері. Міне, осындай екі диалектикалық тұрғыдан осы мәселені қарастыруымыз керек.

А. Данияр