Қарағандының орталық саябағында болған, төбелестен кейін саябақ директоры қызметінен босатылды. Бұдан бөлек қала әкімінің екі орынбасары мен мәдениет бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жариялады. Бір күнде кәсіпкерлер мен карантин ережелерін бұзған тұрғындарға жалпы соммасы 3 млн теңге айыппұл салынған. Тегін дүниеге таластан туған жанжал жайлы аймақтағы тілшіміз Айжан Қуаш әңгімелейді.
Даудың басы- мына карусель. Оған балаларын бірінші болып отырғызғысы келген екі әйелдің төбелесі ғаламторды шарлап жүр. Куәгерлердің айтуынша, ойыншыққа таласқан біреуі екіншісінің баласын орындықтан итеріп жіберген. Сөйтіп арты жанжалға ұласқан.
Павел КОРНЕЕВ, КУӘГЕР:
Дүрлігіп кетті. Жұдырықпен, қолда сөмке, не бар сонымен ұрып жатыр. Айқайласты. Балалардың біреуі кезексіз кіріп кеткен сияқты. Сол үшін ұрсысты. Оның бәрін қаншама бала көріп тұрды.
Куәгерлер төбелеске саябақ басшылығын кінәлайды. Тұрғындардың айтуынша, аттракциондардың алдындағы тәртіпті ешкім қадағаламаған. Оның үстіне «карусельдер тегін» деп хабар таратып, мыңдаған адамды жинап алған. Шындығында бірнеше ойыншық қана тегін қызмет көрсетіпті. Жұрт болса, сағаттап кезекке тұрып жүйкелерін жұқартты,- дейді.
Гүлшахра ІНТІКОВА, КУӘГЕР:
Администрация парка деген ғаламат адамдар. Өте үлкен очередь тұрды. Ешкім ешкімді ойламады. Организовонность деген болмады. Екі сағат тұрған адамдар шаршағандықтан. Баланы итеріп жіберді ма? Ана баланы аяп кеттім.
Айжұлдыз ЗИЯТ, КУӘГЕР:
Біріншіден балалардың өміріне қауіп төндірді ондай жағдай. Сондықтан тегін жасап керек жоқ,- деп ойлаймын. Тем более барлық аттракциондар тегін болған жоқ, санаулысы ғана. Очередь көп болды.
Елді дүрліктірген екі әйел полицияда бір- біріне шағымданудан бас тартқан. Абырой болғандар балалар дін аман. Дейтұрғанмен аймақ басшысы бүгін карантин талаптарын сақтамады деген дерекпен саябақ директоры Мәдина Әшірованы қызметінен босатты. Қала әкімінің екі орынбасары мен мәдениет бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жариялады. Ал қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болса, сол күні саябақтағы 43 аттракционның 4- еуі ғана тегін жұмыс істегенін растады.
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Жалғыз әкімшіліктің қызметкерлері ғана емес адамдардың өздері де сақтау керек, очередьке тұру керек, қыстырылыспау керек, егер кісі көп болса онда басқа жерге бару керек. Нан беріп жатқан қой о жерде, жәй ғана карусель.
Осы келеңсіздіктен кейін орталық саябақтағы дәмханалар мен бірқатар аттракцион жұмысын тоқтатты. Баққа келгендер ойын алаңдары мен су жағасында ғана демалып жүр. Бір күнде кәсіпкерлер мен карантин ережелерін бұзған тұрғындарға 3 млн теңге айыппұл салынған. Мобильдік топ әлі де саябақты аралап жүр. Ал карусельге таласып жаға жыртысқан екі әйел бір- біріне шағымданудан бас тартқан.
А. Қуаш