Русский Сайттың толық нұсқасы

Жер пайдаланушылар жерді мақсатты пайдаланбаса жауапкершілікке тартылады - Парламент

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2021
  • 1718

Шаруалар жерді мақсатты пайдаланбаса, жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жерді алған азаматтар мен мекемелер туралы мәліметтер ашық әрі қолжетімді болады. Бұл жайында бүгін Мәжіліс қараған жер заңнамасына жаңа толықтырулар енгізілген жобада көрсетілген. Құжатты депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар, қазақстандықтарға жекеменшікке жер беру мәселесі бойынша мораторий 5 жылға ұзартылмақ. Мәжіліс депутаты Берік Оспанов жалға алу құқықтарын жетілдіру тетіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, жер заңнамасын сақтау, жер сапасын қорғау, мақсатты пайдалануды қадағалаумен айналысатын орталық жоқ. Сондықтан, олқылықтың орнын толтыру үшін бақылауды орталықтандыру қажет деп отыр.  Енді ауыл шарушалығы министрлігінде республикалық тексеру функциясы қайта іске қосылмақ.

Берік ОСПАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жұмыс тобының отырысына 40-қа жуық адам қатысып келеді. Олардың арасында депутаттар, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілдері, саяси партиялардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, сала мамандары атсалысып жатыр. Біздің ұстанымымыз – Жер реформасы жөніндегі комиссиясының шешімдерін заңдастыру.


Ғ.Өтемісов