Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас қалада жаңадан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйдің сапасы сын көтермейді

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2021
  • 2110

Бас қалада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйдің сапасы сын көтермейді. Пайдалануға берілгеніне жарты жыл ғана болған баспананың кем-кетігі көп. Ашулы тұрғындар сапасыз құрылысқа кінәлілер жауап беруін талап етеді. Мәселені кім шешеді? Жауаптылар кімдер? Тілшіміз Бекболат Сатуов сауалдарға жауап іздеді.

Тұрғындардың айтуынша бар қиындық қыста басталған. Еден сынып, жылытқыштардың бойымен су ағыпты. Мұны жауаптыларға ескерткен. Бірақ...

Шынболат АЙТҚАЗЫҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Каждый квартираны алғанда, негізі су ағып жатыр. Оны кім жасайды.Застройшикке айтсақ, застрощик жасаймыз, жасаймыз деп,бірақ алты ай болды. Ешкім келген жоқ.Не акиматы, не ана жақ мына жақтан көмек жоқ.


Жаңа тұрғын үй Шыңғыс Айтматов көшесі бойында орналасқан. Мұнда 143 отбасы тұрады. Жұпар Галямова былтыр баспаналы болып, қуанышқа кенелгендердің бірі. Он жыл бойы жиған-тергенінің басын қосып, әрең дегенде осы пәтерге қол жеткізіпті. Бірақ қуаныш ұзаққа бармады дейді.

Жұпар ГАЛЯМОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күздің күні кілтімізді алдық өзі. Кілт алған кезде де бір шулаған едік шынын айтатын болсақ. Кілтті ала үйге кіргеннен бастап қыс бойына, біздің үйлерде қордаланып қалған мәселелер көптеп шығып жатыр. Қыс бойына барлық пәтерлерде батареялар тесіліп, оның асты су ағып, бетонменен бекітіліп кеткен, соның салдарынан су ағып, астыңғы үйлерді су басу бірнеше рет болды.


Мердігер қыстыгүні болған мәселелерден хабардар. Бар кем-кетік түзеледі деп сендірді. Алайда баспана сапасыз салынды дегенмен келіспейді.

Нұрлыбек АҚТАЕВ, "ЕҢБЕК" ШЖҚ РМК "ЕҢБЕК-АРШАЛЫ" ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол жерде ана қыстыңгүні су өтіп кеткен. Сол жердің стеналары құлаған. Содан кейін бір екі пластик терезелері жігіттер ұстап отырған кезде немесе жел қатты болған кезде пластик терезелері сынған. Сондай бір-екі моменттері бар. Бірақ оны біз біртіндеп установить етіп келе жатырмыз. Жалпы бір 10 квартирадай болған, қазір екі данадай квартира қалды.


Қала әкімдігі де тұрғындардың арызы ескерусіз қалмайды деді.

Мариям ҚОЖИНА, «НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Тұрғын үй 2020 жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Пайдалануға қабылдау кезінде ешқандай кемшіліктер болмаған. Бірақ қысты күні бізде проблемалар болды. Бір-екі, көп пәтерде емес бірақ болды сондай жағдай. Оны мердігер ұйым жойды.

Сонымен қалалық құрылыс басқармасы тұрғын үйден қандайда бір мәселе шықса, мердігер компания түзетуі тиіс деді. Кем-кетікке кеткен шығын мердігер компанияның есебінен жүретінен де ескертті.

Б. Сатуов