Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада балалар ауруханасында жатқан аналар шу шығарды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2021
  • 2206

Қызылордадағы облыстық балалар ауруханасында жатқан бір топ аналар, бүгін шу шығарды. Олар ауруханада ешқандай жағдай жасалмағанын айтып дабыл қақты. Ақ халаттылардың да жұмысы көңіл көншітпейтінін айтады. Ауруханада жатқандар палата ішіндегі олқылықтарды ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіде таратуда.

Мөлдір НҰРЫМОВА:
 
Түсте салынады азаңғы укол. Кешкі укол үнгі 12-1-д салады, бала тәтті ұйқыда жатқан кезде. Іші деген антисанитария. Бәрімізге бір әжетхана, ванна. Бір раквинаға кесе-шәйнегімізді, баламыздың көтенін де жуамыз. Қандай диагноз қойғанын, я болмаса анализ қандай екенін, баланың жағдайын білмейміз. Бұл жерге келіп кететін дәрігерлер 4-3 сағаттық. Тұрақты мамандары жоқ.

Ақбота ОМАРОВА:

Түндегі медсестра менің баламды былайда, былай аунатып жатыр. Бұны басып алыпты үстінен. Тамырын таппай жатырмыз дейді. Сосын мен айттым, таппасаң салмай-ақ қой. Табатын адамды шақыр. Содан осы жерде бүкіл ата-ана көтеріліп кетті. Неге? Өйткені жағдай жоқ дым. Я врач жауап бермейді. Түнімен осы жерде мал құсап 12 жарым 1-ге дейін жүрдік.


Бұған қатысты жауаптылар, арнамызға сұқбат беруден бас тартты. Тек сөз арасында облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері қазір емделушілердің саны артқанын айтты. Қосымша бөлім ашуға мәжбүр болған.

М. Тоқтасынқызы