Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда жеңіл көлік бетон қабырғаны тесіп өтті

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2021
  • 2228

Қызылжарда  жеңіл көлік бетон қабырғаны тесіп өтті. Бейнежазбада байқалғандай су таситын   көліктің  жүргізушісі артқа шегінбекші болған. Алайда, сол мезетте еңіске түскен машинаның тежегіші істен шыққан. Жүргізуші  жол шетінде келе жатқан адамды қағып кетпеу үшін  рөлді басқа жаққа бұрып жіберген. Салдарынан автотұрақта тұрған екі мәшине соқтығысып, соның біреуі  алға қарай жүріп кетіп, бетон қабырғаны қиратқан.  Абырой болғанда, көліктердің ішінде ешкім болмаған.   Су таситын көліктің  56 жастағы жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 
Алмас ЕРКЕШОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПБ  ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:


Әкімшілік кодексінің 610 бабы бірінші бөлігі бойынша 20 МРП айыппұл, одан кейін сотқа байланысты 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады. Ол енді соттың шешіміне байланысты. Көлік жүргізушісі мас емес. Алкогольдік тест бәрі өткізілді, материал жинау кезінде.


А. Құрманкин