Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ішімдік ішіп, есірткі қолданған 24 жастағы жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетті

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2021
  • 9672

Алматыда ішімдік ішіп, есірткі қолданған 24 жастағы жүргізуші жолдың жиегінде тұрған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен үш адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Полицейлердің айтуынша, науқастардың біреуінің жағдайы ауыр.  Көлік жүргізушісі қамауға алынды.  

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Есірткі затын қолданған және спирттік ішімдіктерді ішкен жас жігіт екен. Ол бірден қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. 02/51 Міндетті түрде бұл азамат жол жүру куәлігінен айырылады, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ә. Лесбек