Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысындағы Сарайшық ауылының тұрғындары қазба жұмыстарына қарсылық білдіруде

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2021
  • 1455

Өлілерге тыныштық берсін. Атырау облысындағы Сарайшық ауылының тұрғындары қазба жұмыстарына  қарсылық білдіруде. Айтуларынша, археологтар  жергілікті бейіттерді қопарып,  құлыптастарды жан-жаққа тастап жатыр. Халықтан бір ауыз рұқсат алмады,- деген жұрт ата-бабасының бейітін таппай қаламыз ба деп алаңдап отыр.

Ескі Сарайшық қаласына қазба жұмыстары былтыр басталған.  Содан бері халықтан маза қашқан.  Бастапқыда 7 бейітті көшіреміз деген мамандар 20 зираттың орнын ауыстырыпты. Тұрғындар ескі қорымда шашылып жатқан құлпытастар мен сүйектерді көріп, шошып отыр.

Қапия ХАЙРУЛЛИНА, САРАЙШЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Апай біз қоршап қойған жерден 6 зират, бөлек тұрған біреуін жеті ғана зират аламыз деді. Қазір12 белгі қойып, 12 зират жасап қойыпты. Сүйекті жинап апарып түгел мен түгел емес пе, кімге біз барғанда дүға етіп ата- бабамызға дұға етеміз.  

Тұрғындар қазылған мәйіттердің  туыстарына  ескертілмеді деп отыр. Оны   археологиялық жұмыстарды жүргізіп жатқандар да мойындайды. Қазылған 20 бейіттің 7еуінің ғана ағайынын тапқан.  Айтуларынша, бұл аумақ - «Хан моласы» қазба орны. Сондықтан бұл жерден қазылған бейіттердің барлығы тіркеуге алынып, картаға салынды,- дейді.

Айбек ТҰРАРҰЛЫ, САРАЙШЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ ҚОРЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Олардың бәрін көрші «құлмекен» зиратына апарып жерлеп, қоршаумен, құлпытастармен кері апарып қойдық. Кезінде малды көп пайдаланған сондықтан жердің бетіне малдың сүйектері . Одан басқа жерленген жерлер бар.  Сарайшық қауымының ішіне дейін бар. Кейбіреу ашық қалып жатыр. Кейбір жар құлағанда ашылып қалып жатыр. Оның бәрі кезінде жиналды. Көмілді. Сіздер көріп отырған ол малдың сүйегі.


Б. Надірқызы