Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысы партия бақылауында

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2021
  • 1694

Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы аяқталмай тұр.  Жоспар бойынша ол биыл қолданысқа берілуі тиіс еді. Бүгін «Nur otan» партиясы жүргізген мониторинг кезінде бірқатар кемшілік анықталды. Белсенділер Мәдениет шағын ауданында салынып жатқан пәтерлердің сапасын тексерген болатын.  Ауланы абаттандыру жұмыстарында шамалы олқылық бар және    балалар алаңы әлі бітпеген.   

Аян СЛЯМҒАЛИЕВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ БАС МАМАНЫ:

Мына сыртқы благоустройство дейді ғой соларды тез арада бітіруді талап етіп жатыр. Кішкене қиындық болды карантиннен шыққаннан кейін жұмысшыдан тапшы болдық.  Бірақ қысқа таман оның бәрі орнына келді.

Партия өкілдері мердігер мекемеге үш апта   уақыт берді. Сол аралықта тұрғын үйдің ауласы толығымен жөнделуі керек.
 
Шухрад ШАРДИНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ қ. ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

 
Маусым айының соңында біз бұл көпқабатты үйлерді қайта тексеруге келетін боламыз. Негізі пәтерлердің ішкі жұмыстарында мін жоқ. Тек осы сырттың мәселелерін шешу керек.

Ә. Лесбек