Атырауда ішімдікке тойып алған жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болды. Ол қаладағы иесіз қалған екі қабатты ескі ғимараттың шатырынан секіруге оқталған. Абырой болғанда құтқарушылар оны аман алып қалды. Жас жігіттің әрекетін көріп қалған сол маңдағы тұрғындардың бірі полицияға хабар берген. Олар тез жетіп, альпинистік құралдың көмегімен жасөспірімді жерге түсірді. 17 жастағы жігіттің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Онымен тілдесу мүмкін болмаған. Ішімдікке сылқия тойған бозбала қарсылық танытып, бұл тағы қайталайтынын ғана айтқан. Полиция департаментінің мәлімдеуінше, ол- қаладағы кәсіптік техникалық колледждердің бірінің студенті екен. Бұрын-соңды тәртібіне байланысты ешқандай есепте тұрмаған.
Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Сараптама қорытындысына сәйкес, 17 жастағы жасөспірімнің масаң күйде болғаны дәлелденді. Және оның ата-анасына қатысты ӘҚБК440 бабы, екінші бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Және жасөспіріммен прафилактикалық әңгімелер жүргізілді. Алдағы уақытта ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады.
Б. Нәдірқызы