Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызыл аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы қалды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2021
  • 1898

Елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша қызыл аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы қалды. Ал бұған дейін елордамен бірге қауіпті белдеуде  болған Қарағанды облысы  бүгін сарыға өтті.  Сондықтан Бас шаһардың бас мемлекеттік санитар дәрігері тұрғындарға үндеу жасады.  Оның айтуынша, қазір күніне коронавирус жұқтырған 70-200 адам анықталуда.

Елордада аурудың таралуы бәсеңдер емес. Көрсеткіш салыстырмалы түрде төмендегенімен нәтиже әлі көңіл көншітпейді.  Бүгін бас қаланың бас санитар дәрігері жұртқа үндеу жасады.  

Сархат БЕЙСЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Біз жаппай иммунитетке қол жеткізуге біртабан жақындап, COVID-19-ды жеңудеміз. Біз вакцинаны қала тұрғындарына қолжетімді ету үшін бәрін жасап жатырмыз. Тұрғындардан бұқаралық іс-шараларға, акцияларға және ұтыс ойындарына қатыспауларыңызды өтінемін. Мұндай шараларды тек онлайн режимінде ұйымдастыруыңызды сұраймыз, өйткені қала бұрынғысынша қызыл аймақта орналасқан.

Ашық жобасы іске асқаннан бері қосымшаны қолданатын нысандарда үй карантинін бұзған 3140 азамат анықталған, оның 1436-сы ауырғандар, қалғаны байланыста болғандар. 101 адам өздерінің "қызыл" және "сары" мәртебелеріне қарамастан көпшілік орындарға бірнеше рет барған.

Қуанышбек МҰҚАШ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ АТАМЕКЕН КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


"Ашық" жобасы өзінің тиімділігін көрсетті. Соның нәтижесінде- 1000-даған тұрғын инфекция жұқтырудан аман.  


Вакцина алған 200 мың азаматқа бүгін  Ашық қосымшасында жасыл статус берілді.  Ал   екпенің екі компонентін алған өзге азаматтар   аптаның соңына дейін тиісті мәртебеге ие болады.  

А. Базарбай