Русский Сайттың толық нұсқасы

Балаларға да вакцина салыну мүмкін

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2021
  • 2490

Енді балаларға да короновирусқа қарсы вакцина салынуы мүмкін. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Равиля Егембердиева осылай дейді. Оның айтуынша   балалар арасында коронавирус жұқтырып, сырқаттану жағдайы артқан. Сондықтан ғалым КОВИД-19-ға қарсы жыл сайын жаңа вакцина алып отыру керек дейді. Бекболат Сатуов толықтырады.

Пандемия басталғанда балалар мен жасөспірімдер коронавируспен ауырмайды, оларда жеңіл өтеді деді сарапшы-ғалымдар. Алайда қазір сырқат балалар арасында   дендеп тұр.  Сондықтан оларға да коронавирусқа қарсы екпе салу мәселесі туындаған. Профессордың айтуынша, қазір көптеген ел балаларға вакцина салуды қарастырып жатыр.    

Равиля ЕГЕМБЕРДИЕВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:


Қазір балалардың ауыратыны, тіптен ауыр өтетіні туралы деректер бар. Сондықтан балалардың ағзасына екпе салып, зерттеу мәселесі қолға алынып жатыр. Бұл зерттеу жұмыстары қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Зерттеу кезінде ерікті балалар таңдап алынып, соларға екпе салынады, ол зерттеу жоқ дегенде жарты жыл көлемінде өтуі мүмкін.


Сондай-ақ, ғалым вирустың жылдам мутацияланып жатқанын айтады.  Бұл да жағдайды өзгертуі мүмкін.

Равиля ЕГЕМБЕРДИЕВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:


Ұжымдық иммунитет қалыптасса, инфекция өздігінен жоғалады деу қате. Вирус бәрібір арамызда қалады. Тек жеңіл өтіп және өлімге әкелмеуі мүмкін. Қазір мамандардың ешқайсысы вирусқа қарсы иммунитет қанша уақытқа дейін сақталатынын дөп басып айта алмайды. Сондықтан қосымша вакцина қажет болады.

Ал елімізде эпид ахуал тұрақталып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Оның айтуынша, короновирусқа қарсы вакцинациалау жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Екпе тапшылығы   жоқ.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Жалпы 3,6 млн доза вакцина қолданылды. Ол халықтың 24%-ын құрап отыр. Бүгінгі күні вакцинациялау пунктерінде вакцина дозасы жеткілікті. 1,2 млн бірінші компонент және 835 мың екінші компоненті бар.

Республика «сарыдан» «жасыл» аймаққа ауысты. Індет жұқтыру көрсеткіші денсаулық сақтау минситрлігінің оптимистік сценариіне сәйкес келеді. Дегенмен алдын-алу шаралары күшейтіле бермек.

Б. Саутов