Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда адам қаққан полицей 5 жылға сотталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2021
  • 2503

Алматыда полицей қызметтік көлігімен 50 жастағы әйелді қағып кетті. Қатты соққы алған келіншек сол жерде, тілге келместен көз жұмды. Марқұмның жақындары полиция қызметкерінің көлікті сау күйінде тізгіндегеніне күмәнданып отыр. Әріптесім Әсем Лесбек қара жамылған отбасымен тілдесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап көрді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қайғылы жағдай таңғы сағат 7-лер шамасында Алатау ауданындағы мына көлік жуу орталығының маңында болған. Өтемісұлы көшесінің бойымен келе жатқан полицей марқұм әйелді дәл осы жерде қағыпты. Куәгерлердің айтуынша, күдікті полицей алдымен темір қақпаны соғып кейін әйелді қаққан.


Патрульдік көлік әйелді қағып өтіп, сол жерде тұрған Газельге соғылған. Оқиғаны өз көзімен көргендер, апаттың қас-қағым сәтте болғанын айтады. Ал, марқұм көлік жуу орталығында жұмыс істеген. Ол тәулік бойы жұмыс істейтін орталықта түңгі ауысымда болып, жұмысты аяқтауына бірер сағат қалғанда оқыс жағдайға тап болған.  

Юрий ПРИХОДЬКО, КӨЛІК ЖУУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘКІМШІСІ:

Келіншек осы тәулік бойы істейтін көлік жуу орталығында бір айдан бері жұмыс жасады. Ол жуылған көліктердің ішін тазалаумен айналысатын. Бүгінде мына жерде тұрған шаңсорғыш аппаратымен жұмыс жасап тұрған.  Полицей көлігі оны шаңсорғышымен қоса ана жаққа ұшырып апарды.

Келіншектің артында ересек 2 баласы қалды. Кішісі биыл мектеп бітіріп жатыр. Қара жамылған отбасы, полиция көлігі жылдамдықты асыра пайдаланған деп отыр.  

Сүңгілшаш АЙТУҒАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚАЙЫН АПАСЫ:

 
Жүзбен келе жатқан ғой, 5 метрге ұшырып жіберген. Өзіңіз ойлаңыз на смерть кеткен. Бастан дым жоқ. Сотрудниктар в любом случае өздерін қазір сау деп айтып отыр. Жазасын алады, алу керек.

Жұлдызай, МАРҚҰМНЫҢ ТАНЫСЫ:


Жарқырап тосып алатын елдің бәрін. Сәуле, Нұрсәуле деп.

Қазір қара жамылған үйдің маңайында адам қақты деп күдікке іліккен полицейдің әріптестері жүр. Олар әріптестірінің осы салада 6 жылдан бері қызмет етіп келе жатқанын, бұл оқыстан болған деп мәлімдеді.

Жәнібек ӨСКЕНБАЕВ, АЛМАТЫ қ. ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Өкінішке орай қызметтке болған, қызметкер. Сау ол кісі. Сол қабырғамыз қайысып кеп, көңіл айтып отырмыз. Бұл отбасыға бар жағынан көмек көрсетіледі.


Қайғылылы оқиғадан кейін күдікті азамат бірден қамауға алынған. Оған қатысты тергеу басталды, жауап алу кезінде ол кінәсін толық мойындаған.

Қалада көліктердің қатысуымен болатын жол апаты азаяр емес. Абай даңғылы мен Розабакиев көшесінің қиылысында да жеңіл көлік  жаяу жүргіншіні қағып, кейін автобусқа соғылған. Салдарынан бес адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Кінәлі азаматқа екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы берілуі мүмкін. Ал патрульдік көлікті тізгендеген жүргізушінің кінәсі дәлелденсе 5 жылға сотталу жазасы қарастырылған.

Ә. Лесбек