Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте көлікке құятын газ тапшы

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2021
  • 2968

Шымкентте жүргізушілер көлікке құятын газ таппай сабылып жүр. Жанар-жағармай бекеттерінде метан газы жоқ.  Тек ірі стансаларда бар, оның өзі тек талонмен сатылуда.  Оның үстіне, бағасы шарықтап кеткен. Мамыр айының ортасында   құны- 70-75 теңге болса, қазір - 90 теңгеге жеткен.  

Пернебек ЕГЕМБЕРДИЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

Машинамыз газбен жүреді тек қана. Газ таппаймыз, үш күннен бері газ жоқ. Кеше очередте тұрып зорға тауып едім 85 теңгеден. Бүгін мүлдем жоқ. Бір жерде бар 89 теңгеден, барсам құймаймыз деді, -таусылып кетті. Айналып келіп тұрмын қазір. Газ болса құям, болмаса бүгін жұмыс жоқ.

Айта кетейік, шымкенттіктер айына шамамен 6 мың тонна сұйылтылған газ тұтынады. Энергетика басқармасындағылар туындаған мәселені өңірдегі мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарымен байланыстырып отыр.

Бәкен МАҚҰЛБЕКОВ, ШЫМКЕНТ қ. ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Қазіргі таңда Ақтөбе қаласынан 3 276 тонна газ алып келінген. Бірақ оның келуі бар, транспортный расходтары бар соның есебінен қазіргі Шымкент қаласында газдың бағасы көтеріліп, 85 теңгеге дейін жетіп отыр. Енді зауыт басшыларының уәдесі бойынша осы 16-маусым күні зауыт іске қосылады деп отыр. Зауыт іске қосылған жағдайда бұрынғы қалпына келеді газдың бағасы.

А. Төребекқызы