Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында мал қырылып жатыр

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2021
  • 3031

Павлодар облысындағы Қожамжар ауылында бір үйдің  екі қойы түнде арам өлді. Тұрғындардың айтуынша, малдың танауына  маса кіріп, тұншыққан.  Өңірде масаға қатысты мәселе ушығып барады. Жұртшылықтың өзі де маса мен шіркейдің көптігінен далаға шығудан қалдық - деп зар еңіреп отыр. Ауылдағы ағайынның жанайқайын әріптесім Өзгеріс Қуанар жеткізеді.

Қожамжар ауылының тұрғыны Мұрат  Әбдумәліков  бағып отырған тоқтысының өліп қалғанын таңертең көріпті. Кешкісін өрістен сау келген түліктің  аурудан өлмегені анық дейді. Өйткені, маса мен шіркейге шыдамаған марқа да, қорадағы иттер де түні бойы азан-қазан болған.

Мұрат ӘБДУМӘЛІКОВ, ҚОЖАМЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
3 күн міне, қатты маса болып жатыр. Өте қатты маса. Түнге дейін таң атқанша түтін салып жүреміз. Иә, масадан өлді. Енді немене. Иттер әне, жатыр бәрі тығылып, сарайдан шықпайды ешқайда.

Ал мынау бейнекадрды жергілікті тұрғындар ұялы  телефонына түсіріп алыпты.  Маса мен шіркей жануар түгілі адамдарға да маза берер емес.  

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Масаның көптігінен далада жүру мүмкін емес. Сондықтан, жергілікті тұрғындар осындай қорғаныш құралдарын киюге мәжбүр.

Жанат САМАРОВА, ҚОЖАМЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

2 мезгіл уколға келуші елдім. Әрең келеміз құрттап, биттеп. Маса деген тура ауызға, мұрынға кіреді. Өзі демала алмай жүрміз. Аллергиямыз бар өзі. Бұл не деген сұмдық. Жылда травить етіп жақсы болушы еді. Биыл тіптен сұмдық. Бала-шаға вообще далаға шықпайды.


Айтмағанбет МАҚАШЕВ, ҚОЖАМЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Халықты ойламай ма? Отыр міне, тұр бәрі шыдай алмай масадан әбден уже. Бүгін түнде 2 мал өлді. Нанасыздар ма ал?  Маса шайнап тастаған. Не болды соншама. Үкімет қайда өзі қайда қарап отыр?

Аудан атқамінерлері қансорғыштарды улау жұмыстары жүргізіліп жатыр- деп  ақталады. Халық "нәтиже жоқ" –деп ашуланып отыр.   Ал   малдың өлексесі арнайы сараптамаға жіберілмек.

Ермек МАШРЫҚОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ақтоғай ауданының бюджетінен 1 млн. 380 мың теңге ақша бөлінді. Ол ақшаның 510 мыңы препарат сатып алуға сонан кейін 288 қалған соммасы обработка жасуға уландыру жұмыстарын жасауға ақша бөлінді. Өтес ауылынан бастап жиек ауылдар барлығында уландыру жұмыстарын уже бастадық. Бүгінгі күні 4 рет уландыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғастырылуда. Ертең, бүрсүгіні Ақтоғай басына тағы да жасайын деп жатырмыз.

Осыдан 2 апта бұрын Павлодар ауылында масадан құстар қырылды. Жұрт 100-ге жуық қаздың балапаны мен қаздан айрылды.  

Марат ОСПАН, ҚОЖАМЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Міне, жылдағымыз осы. Иттер домалап өледі. Тауықтар домалап өледі. Қойларымыз тұншығып өледі. Сеуіп жатырмыз - дейді. Білмейміз не сеуіп жатқанын. Таңертең 4-5-те тұрғанда бұлт болып тұрады бұлт сары маса. Сары маса мынандай мынандай дөп дөкей.


Павлодар облысында биыл қансорғыш жәндіктермен күреске 602 млн бөлінген. Алайда, улау жұмыстары нәтиже берер емес. Ал арам қатқан тоқтының неден өлгені сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

Ө. Қуанар