Русский Сайттың толық нұсқасы

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі КХДР баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты шұғыл жиын ашты

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2017
  • 3637

Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі КХДР баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты шұғыл жиын өткізді. Рейтерс, Жапония, АҚШ пен Оңтүстік Корея осындай ұсыныс жолдаған, деп хабарлайды. Солтүстік Корея тағы да баллистикалық зымыранды сынаған.

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің ақпаратынша, зымыран 2700 шақырым ұшып, Тыныш мұхитындағы жапондық Хоккайдо аралының оңтүстік-шығысына құлаған. Ал Жапония премьер-министрі мұны халыққа төнген қауіп деп бағалады. Дегенмен, жапон билігі зымыранды қағып түсірмеген. Үкімет халықты абай болуға шақырып, жертөле секілді қауіпсіз жерлерде қорғануға кеңес берген. Бұл алғашқы сынақ емес. Бұған дейін Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарай аз қашықтықтағы зымырандарды бірнеше рет ұшырды.