Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да экскаваторға соғылған жедел жәрдем жүргізушісі жазаланады

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2021
  • 2282

Батыс Қазақстан облысында алдында кетіп бара жатқан экскаваторға соққан «жедел жәрдем» көлігінің жүргізушісі жазаланады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Тәртіп сақшыларының дерегінше, жол апаты Орал-Тасқала тас жолының бойында болған. Науқасты ауруханаға апара жатқан «УАЗ» маркалы жедел жәрдем көлігі алдындағы экскаваторға барып соққан. Жүргізуші жылдамдықты тежей алмағандықтан көлік аунап түсіп, сау-тамтығы қалмай қираған. Сарапшылардың айтуынша, жол апатына жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі кінәлі. Ал ол мәшинедегі екі адам түрлі жарақат алған, ауруханаға жеткізілді. Көліктер айыптұраққа қойылды.

 

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Қылмыстық іс қозғалды. Жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің неліктен апат жасағанын сотқа дейінгі тергеу амалдары анықтайды. Заң бойынша кінәліге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан екі жылға айрылады және 160 АЕК (айлық есептiк көрсеткiш) мөлшерінде айыппұл салынады. Бірақ нақты қандай жаза берілерін сот шешеді.


Е. Карин