Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында жүк көліктері қаңтарылып тұр

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2021
  • 2925

Жамбыл облысында 40-қа жуық жүк көлігі қаңтарылып тұр. Қырғызстаннан шыққан көліктер Ресейді бетке алған. Жүргізушілер мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері, 15 күннен бері ақылы айыптұраққа қамап, ұстап отыр дейді. Тасымалдаушылар мемлекеттік органдардың бұл ісі заңға қайшы деп шағымданды. Далада күнелтіп жарты жолда жіпсіз байланған жүргізушілер жайлы тілшіміз жеткізеді.


Мына жүк көліктері Меркі ауданындағы уақытша сақтау қоймасының автотұрағында тұр. Шекарада оларды кірістер басқармасының мамандары қойдырған. Түк түсіндірместен тауарларын ақтарып, құжаттарын түгел жинап алып кеткенін айтады. Тасымалдаушылар мемлекеттік органдардың осылай ұзақ уақыт тексерулерін түсіне алар емес.


Виктор РЫЖОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Құжат пен тауардың сәйкессіздігін тапқысы келеді. Қаптарды кесіп, тауарды құртады, астаң кестеңін шығарып тастады. 20 жылдан бері тасымалмен айналысамын, мұндайды көрмегенмін. Бізге қандай кінә артылып отырғанын білмедім.


Владимир ЧУГУЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Маусымның 4 күні кіргенмін осы жерге, әлі тұрмын осы тұрақта. Ешкім ештеңе айтып түсіндірмейді де. Құжаттарымды алып кетті, қайтармады. Не істерімізді білмей отырмыз. 32 көлік тұр қазір осында. Бәріміздің проблемамыз бір. Тіпті қалтамызда ақшада бітіп барады.


Жүргізушілер көліктерінен ұзап кете де алмайды. Тонап кетеді ме деп қорқады. Тұрақтың ауласында ас ішіп, далада түнейді. Олар автотұраққа тәулігіне 4 мың теңгеден төйлеп жатқандарын айтты. Оның түбіртегінде көрмейміз дейді. Кірістер басқармасындағылар болса, барлығы заң шеңберінде жасалып жатқанын айтып ақталды.


Елдос БАЙЫМБЕТОВ, МЕРКІ АУДАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кезек-кезегімен тексереміз ғой.Күніне мысалы 10 машина шығады, 5 машина шығады, 15 машина шығады. Оны бір ғана қызметкер тексереді. Үлгергенін тексереді. Счет фактура дейміз ғой,сол счет фактурада товарлар фактический бар ма, жоқ па сол тексеріледі.Сәйкессіздіктер болып жатыр.көрсетілген товарлар жоқ боп шығады, болмаса счет фактурада жазылмаған, бірақ, товардың басқа түрлері шығып жатыр.


Кірістер басқармасының өкілдері тексерістен соң қандайда бір кемшіліктер анықталса айыппұл салуға құзырлы. Ол шамамен 7 мың мен 150 мың теңге аралығында екен. Бұл онсызда шығындалған көлік жүргізушілеріне оңай соқпайын деп тұр.


Б. Жумабай