Русский Сайттың толық нұсқасы

Елді-мекендердің айналасына қосымша жайылымдық жерлер бөлу қажет - "Nur Otan" партиясы

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2021
  • 2065

Елде жайылым тапшылығы әлі өзекті. Бұл мәселе "Nur Otan" партиясы жанындағы аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында кезекті рет көтерілді. Заң жүзінде мәселе реттелген: әкімдіктер жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарды 2 жыл мерзімге әзірлеуі тиіс. Министрліктің есебінше 156 инвестициялық жоба - 1,1 млрд. доллар көлемінде аграрлық өнімнің қосымша экспортын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Отырыс қорытындысы бойынша Аграрлық кеңес ұлттық жобаны партияның сайлауалды бағдарламасының индикаторларына сәйкес пысықтауды ұсынды.


Берік ОСПАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мүдделі органдар бір ай мерзімде бос учаскелер болған жағдайда, елді мекендердің айналасында 15 шақырым қашықтыққа дейінгі радиустағы жерлерден қосымша жайылымдар бөлу мәселесін қарауы қажет. Сондай-ақ әкімдіктерге жеке шаруашылықтарға пайдаланылмай жатқан жайылымдарды өз еркімен қайтару бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қолға алынбақ.


Ғ. Өтемісов