Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеңіл көлік сатылымы ұлғайды

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2017
  • 3467

Жеңіл көліктер сатылымы жарты жылда 2 есеге ұлғайды. Бұл өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіш. Дегенмен, 2013-2014 жылғы сұраныстан әлдеқайда төмен. Өткен жылдың 6 айында 7 жарым мың көлік, ал биыл 18 200 көлік саудаланған. Ал 2014 жылы 106 900 темір тұлпар сатылыпты. Бұл биылғы көрсеткіштен 6 есе жоғары.  2014 жылмен салыстырғанда баға екі есеге өскендіктен, жеңіл көлік қолжетімді болмай кетті.

Мұны жергілікті көлік шығарушылар мен шетелден көлік әкелушілер де қадағалап отыр. Биыл қаңтар-маусым аралығында елге 11 мың 800 жеңіл көлік әкелінген. Бұл былтырғыдан 8,6 пайызға артық. Дегенмен, импорт 2014 жылдан 7,6 пайызға қысқарған. 6 айда отандық көлік өндірушілер 7 800 машина шығарған. Бұл да былтырғыдан 5,3 пайызға жоғары. 3 жыл бұрын жарты жылда 17 700 көлік өндірген.