Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп басшылығы жұмыстан босатылды

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2021
  • 2851

Желіні шулатқан Түркістан облысындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бейәдеп қылығынан соң, директор жұмыстан кететін болды. Ордабасы ауданының білім саласына жауапты бөлімінің басшылары ертеңнен бастап шешім күшіне енуін талап етіп отыр. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің кадр жөніндегі бас маманы телефон арқылы берген сұқбатында бұған бірнеше себеп бар деді. Айтуынша, директор Өмірзақ Ақбөпе орынбасарын жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарда өрескел қателіктерге жол беріпті.


Алмас ҚАЙЫПОВ, ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ КАДР ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАНЫ:

Осыған дейінде Өмірзақ Ақбөпенің осы бір жылдың ішінде бір ескерту түріндегі, екіншісі сөгіс түріндегі тәртіптік шарасы бар, осының бәрін ескеріп жұмыстан босату туралы шешім қабылдадық.


Еске салайық, бұған дейін мектеп директоры, алдындағы ер адамды тоқсаусыз балағаттаған, тәрбие ісі жөнідегі орынбасарын жоғарыдағы әкім-қаралардың нұсқауымен амалсыз жұмысқа алдым деп ақталған болатын. Директор өзі, аталған мектепке былтыр ақпанда тағайындалған. 40 жыл еңбек өтілінің тең жарымын ол осы мектепте орынбасар лауазымында атқарыпты. Желіні шулатқан тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың әрекетін де аудан атқамінерлері майшаммен қарап жатқандарын айтты.


А. Төребекқызы