Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда су бұрқақта тоқ соққан бір адамның жағдайы өте ауыр

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2021
  • 2829

Алматыда субұрқақта болған төтенше жағдайға кінәлілер 5 жылға сотталуы мүмкін. Тоққа түскен үш адамның бірінің жағдайы - өте ауыр. Ал 10 және 8 жастағы екі кішкентай қыздың жағдайы орташа ауыр дейді дәрігерлер. Біреуі-жансақтау бөлімінде, екіншісі -жалпы палатаға ауыстырылған.

Лаура МЫРЗАҒАЛИ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

1993 жылы туған Алматы тұрғыны қазір Орталық клиникалық ауруханада жатыр. Жағдайы өте ауыр. Реанимация бөлімінде. Барлық медициналық көмекті көрсетіп жатырмыз. Ол азаматшада көптеген жарақат бар. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Еске салайық, 20- маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда екі қыз бен анасын тоқ соқты. Фонтан маңында ешқандай ескертпе жазба болмаған. Аяқтарын суға салып көрмек болған екі қызды тоқ ұрған, оларды құтқармақ болған анасы да зардап шекті. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

А. Базарбай