Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда 5 жасар қызға көршісімен бірге зорлық көрсеткен педофилдер сотталды

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2021
  • 2437


Қарағандыда 5 жасар қызға көршісімен бірге жан түршігерлік зорлық көрсеткен педофилдер отбасы сотталды. Алқа билер соты 56 жастағы Сергей Про-то-по-пов-ты өмір бойына бас бостандығынан айырса, 54 жастағы әйелі Татьяна Про-то-по-пова-ны 22 жылға соттады. Әйел күйеуі мен 62 жастағы көршісі зорламақ болған бүлдіршінге психотропты дәрі беріп ұйықтатқан. Бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылған ерлі зайыптылар жазасын төтенше қауіпсіздіктегі абақтыда өтейді.

Қайрат ҚАСЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

Сот Протопопов Сергейді ҚК- ТІҢ 120, 121,126- ыншы баптарымен кінәлі деп танып өмір бойына бас бостандығынан айырды. Татьяна Протопопова 22 жылға бас бостандығынан айырылады. Көршісі подьезде кішкентай қыз баланы ұстап алып үйіне әкеліп зорламақ ниетпен Протопопов Сергейді шақырған. Ал Сергей баланы ұйықтату үшін әйелін шақырған. Татьяна олардың арам ниеттерін біле тұра балаға психотропты дәрі беріп зорлауға жағдай жасаған.

Еске салайық, өткен жылы шілденің 23- інен 24- іне қараған түні 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, 62 жастағы ер адамның пәтерінен табылған болатын. Артынша қала тұрғындары баланың жағдайына жаппай наразылық білдіріп көшеге шықты. Халық күдіктіні өз беттерімен жазаламақ болып жергілікті полиция бөлімшесінің астаң- кестеңін шығарған еді. Ал үш айдан соң педофил тергеу изоляторында асылып қалды.

А. Қуаш