Өз
құқығыңды білесің бе? Алматыда Ата заң күніне орай жиын өтті. Онда балалар үйінің
тәрбиеленушілеріне конституциялық құқықтары түсіндірілді. Жиынды Алматыда «Жас
Отан» жастар қанаты ұйымдастырды. Жиырмаға жуық жеткіншекке ювеналды полиция
қызметкерлері өз құқықтарын қорғауды үйретті. Сондай-ақ, ойларында жүрген
сұрақтарына жауап берді. Осылайша, қанаты қайырылған өскелеңнің құқықтарын
біліп жүруге үлкен мүмкіндіктер жасалды.
Қырмызы
Қалдыбекова, №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі:
Білмеген
құқықтарымызды білдік. Полиция қызметкерлері бізге айтып берді. Не істеу
керектігін. Түсінгенімізше түсіндік. Болашақта өте қажет болады конституция
баптары.
Мәди Ахметов, Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:
Әркім
өз құқығын жіті білуі тиіс. Әрине, 98 баптың бәрін білу, жаттап алу мүмкін
емес. Бірақ өзіне қатысты дүниелерді білу, мемлекет тарапынан жасалып жатқан
мүмкіншіліктерді, жеңілдіктерді әрдайым қадағалап, барып, қатысып дегендей, қадамдар жасау - әрбір азаматтың құқығы. Мұны біз жастардан бастау қажет деп
ойлаймыз.