Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақылы автотұрақтар Алматыға қалай әсер етті?

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2021
  • 1609

Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі енгізілгелі көлік кептелісі азайып, қаланың экологиясы жақсарды. Бұл туралы «Ортақ жол» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арсен Шакуов мәлімдеді. Маманның айтуынша, ақылы тұрақтар көше бойындағы тәртіпті ретке келтірген. Мегаполисті заңсыз автотұрақшылардан тазартып, қаланың қазынасын қалыңдатқан. Соңғы бір жылдың өзінде бюджетке 1 жарым миллиардтан астам қаржы түскен.

Қалада көлік көбейген сайын, проблеманың да артуы заңдылық. Транспорт пайда болғалы Алматыда автотұрақ мәселесі бар. Ал ақылы автотұрақ тарихы сонау 1997-ші жылдан басталады. Бірақ одан түскен қаржы қазынаға емес, заңсыз автотұрақшылардың қалтасына кеткен.

Олқылықтарды жою мақсатында, 2012-ші жылы көлік тұрақтылығы стратегиясы қабылданды. Төлемдерді қолма-қол ақшасыз жинауға мораторий жарияланды. 2016 жылы сол кездегі қала әкімі Бауыржан Байбектің бастамасымен автоматтандырылған ақылы тұрақтар іске қосылды. Мамандар жаңа жүйенің қалаға тәртіп орнатқанын айтып отыр.

Арсен ШАКУОВ, «ОРТАҚ ЖОЛ» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ:

Ақылы автотұрақ болғалы Алматы біраз өзгерді. Қалада көлік қозғалысы жақсарды. Бұрынғыдай жолдың бойындағы ығы-жығылар аз. Кептеліс анау айтқандай жоқ. Мәселен, көк базарды алайық. Ең бірінші сол аймақтағы автотұраққа электронды аппараттар қойылды. Тәртіп те орнады.

Сондай-ақ маман тұрақтардағы орынның кеңейіп, жүргізушілерге тиімді жағдай жасалғанын айтады. Ал паркинг директоры, қолма - қол ақы алу үрдісі жойылғалы заңсыз автотұрақшылар азайды дейді.

Марат ПІРІНБЕКОВ, «АЛМАТЫ СПЕЦТЕХПАРКИНГ СЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Соңғы бір жылда мемлекетке біздің компаниядан 1,7 млрд теңге аударылды. Оның ішінде міндетті төлемдер мен салық түрінде төленетін төлемдер бар. Салық төлеуден жалтарып, айыппұл арқалағандардың төлемі де бар.

Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе қала экологиясына да оң әсер еткен. Көлік кептелісі азайып, қозғалыс жақсарған.

Арсен ШАКУОВ, «ОРТАҚ ЖОЛ» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ:

Ақылы атотұрақтар әсіресе мынау көліктердің жолдың бойына тоқтап тұруын жойды. Бұрын бос тұрақ табу үшін солай тұратын едік қой. Көлікті оталдырып. Ауаны ластап. Қазір ол жоқ.

Қаладағы тұрғындар да маманның пікірімен келісіп отыр. Олар ақылы автотұрақ қауіпсіздікті де қамтамасыз етті дейді.

– Көлік тұрақтары жақсы, ақылы көлік тұрақтары жақсы. Ақысыз тұратын көлік тұрақтарында көбіне қалай болса солай қояды машиналарын. 00/32 Қазір жақсарып қалған ғой бұрынғыға қарағанда.

– Кемшілігін мен көп байқаған жоқпын. Қазір енді.Тәртіп бар деп ойлайсыз ба? Оған қарағанда тәртіп бар. 00/58 Тәртібі жағынан болсын, басқа да жағынан тиімді.

Қазір мегаполисте 12 мыңнан астам ақылы автотұрақ бар. Мамандар алдағы уақытта оны тағы көбейтуге ниетті. Әсіресе қаланың төменгі бөлігіндегі көшелер назарға алынады.

Ә. Лесбек