Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандық диқандар өнімін сатылымға шығара алмай отыр

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2021
  • 2831

Екі күнде жағар май жеткізілмесе қауын – қарбыз еккен шаруалар шаш етектен шығынға батады. Түркістан облысының Мақтарал мен Жетісай ауданының дихандары осылай деп шырылдап отыр. Диқандар нағыз керек кезінде дизель отынын тіпті ақшаға таппай жүр. Бүгін өңір шаруалары бұл жағдайды энергетика министрлігіне жеткізді. Бірақ мәселе бүгін ертең шешілуі неғайбыл. Ауылдағы ағайынның жанақайын әріптесім Айзада Төребекқызы жеткізеді.

Жетісай ауданында экспортқа шығатын қауын осылай рәсуа боп жерде жатыр. Ерте көктемнен қарекет жасаған диқандар шығынға бататын болдық деп шырылдайды. Жанар-жағармай тапшылығынан алқаптағы өнімді алыс жолға арта алмай отыр.

Сержан ТАСТАНБЕКОВ, ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Дәл қазір науқанның басталып, массовый деп айтамыз ғой, ең көп қауын алып жатқан уақытымызға кірдік қазір. Әлі шығара алмай отырмыз. Қазір осыдан өтіп кететін болсақ біз шығынға шаш етектен батамыз. Болды. Одан кейінгі қалатын 10-15 күнНен кейінгі алатын қауынымыз ол өнім бермейді.

Сержан Тастанбеков өзіне тиесілі 196 гектар жердің 160 гектарына биыл мақта дәнін сеуіп, қалғанына қауын-қарбыз бен қырыққабат еккенін айтады. Оның айтуынша, аудан бойынша ерте пісетін қауын егілген 18 мың гектар жер бар. Олардың бәрі өнімін сыртқа жөнелте алмай қиналып отыр. Былтыр қырыққабаты алқапта шіріп шығынға батқан шаруа биыл да табыссыз қалам ба деп уайымдап отыр.

Сержан ТАСТАНБЕКОВ, ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Биыл енді не масқара мынау енді, қолымызда тұрған өзіміздің ..иә шнос зауыты ремонтқа тоқтапты. Басқа үш зауыт бар ғой НПЗ-ла. Сол жақтан запаспен әкеліп қойып, соны алдын ала реттеуге болатын еді ғой. кішкентай операторларға, ауылдық операторларға бермей жатыр. дефицит боп жатыр. ал оны үлкен заправкалардың өзі қазір талонмен беріп жатыр. 

Қауын-қарбыз секілді ерте пісетін өнім еккен Мақтаарал мен Жетісай ауданының шаруалары шарасыз. Бір аптадан бері жағармай іздеп сенделіп жүр. Күн-түн демей май құю бекеттерінің маңында ұзын сонар кезекте тұрады.

Шаруалар мақта құртына қарсы дәріні де шашатын уақыт өтіп барады деп шыр-пыр. Селитра тапқанмен оны себетін техниканы жүргізе алмай әлек. Оған да жағармай керек.

Құзырлы орын өкілдері мәселемен жақсы таныс. Бір аптада тапшылық шешіледі дейді.

Әсет МАҒАУОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Біздер мұнай өнімдерін сатып отырған компаниялармен хабарласып, осы Жетісай, Мақтаарал аудандарында кезектен тыс көлемдерді беруді мүмкіндік қарасын деп тапсырма бердік.

Шаруалар енді сол тапсырманың орындалуын күтеді. Тек алдымен сұйық отын әдеттегідей ірі операторларға емес, ауыл ішіндегі шағын май құю бекеттеріне берілсе дейді. Өйткені шалғай ауданда алпауыт операторлардың бекеттері санаулы.

А. Төребекқызы