Русский Сайттың толық нұсқасы

Иранның жаңа президенті АҚШ-пен ядролық келісімге келмек

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2021
  • 1718

АҚШ ядролық келісімге оралуы керек. Бұл Иранның жаңадан сайланған президенті Ибрахим Раисидің айтқан бірінші сөзі. Еске салайық, 18 маусымда Ислам республикасында жаңа президент сайланды. Вашингтон Тегеранға қысым жасау үшін келісімге оралуға қарсы емес. Бірақ мүлдем басқа мақсатпен. Тараптар Иранда жаңа лидер болғанын ескере отырып, келісімге келе ала ма? Толығырақ тілші материалында

Иранның жаңа президенті Ибрахим Раиси АҚШ-тың санкцияларын жақсы біледі. Ол 2015 жылы президент ретінде алғашқы баспасөз мәслихатында ядролық келісімді қалпына келтіру бағытын жариялады.

Ибрахим РАИСИ, ИРАН ПРЕЗИДЕНТІ:

Америка мен Еуропа елдері жоспарға қатысты қалай әрекет еткендері туралы ойланулары керек. Америка оны бұзды, ал еуропалықтар уәделерін орындамады. Мен Америка Құрама Штаттарына айтарым, олар жоспарға сәйкес барлық санкцияларды алып тастауға міндетті, бірақ олар олай еткен жоқ. Қайтып келіп, өз міндеттерін орындау керек. Ал еуропалықтар қысым мен АҚШ-тың сыртқы саясатына мойынсұнбау керек. Іс-шаралар жоспарына сәйкес өз міндеттерін орындасын.

АҚШ-та келісімге қатысты оптимизм аз көрінеді. Байденнің сайлауалды науқанында ядролық келісімге ораламыз дегеніне қарамастан, бұл туралы әлі бір ауыз сөз айтылған жоқ. Байден американдық бұқаралық ақпарат құралдарына берген әртүрлі сұхбаттарында Вашингтон келіссөздер үстеліне отыруға асықпайтынын айқын көрсетті. Олар Иранға уранды байытуды тоқтатпайынша, санкцияларды алып тастауды ойламайды.

Негар МОРТАЗАВИ, САЯСАТКЕР:

Менің ойымша, келісімнің мүмкіндігі бар. Өйткені Тегерандағы шешім Жоғарғы Көшбасшының ықыласына ие болды. Бірақ осы ядролық келісім шеңберінен тысқары барлық нәрсе, мейлі Иранның ядролық бағдарламалары болсын, басқа аспектілері, бәрі әлдеқайда күрделі болады.

Әзірге АҚШ та, Иран да «ядролық келісім» бойынша өз ұстанымдарынан бас тартуға ниетті емес. Екі тарап та жеңілдік жасамайды. Сонымен қатар, сәуір айынан бастап Тегеран уран байытуды 60 пайызға дейін арттырмақ. Ал ядролық бомба жасау үшін 90 пайыз байытылған уран қажет.

А. Базарбай