Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда эпидахуал нашарлап барады

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2021
  • 2392

Елімізде эпид ахуал нашарлап барады. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын мың жарым адамның жұқтырғаны белгілі болды. Апта басталғалы аурушаңдықтың статистикасы едәуір көтерілген. Дүйсенбіде 900-ден аса науқас тіркелсе, өткен тәулікте бұл сан айтарлықтай өсті. Індетке шалдыққандардың арасында 408 емделушінің жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер. Елдегі жағдайды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әлі "қызыл" аймақта, вирус ушығып тұр. Қалған облыстар мен қалалар қауіптіліктің "сары", "жасыл" белдеулерінде орналасқан. 3 миллионға жуық қазақстандық препараттың 1-компоненті салдырды. Ал, 1 миллион 800 мың адам иммундауды толық аяқтады. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, 1500-ден астам адам екпе алғанына қарамастан қауіпті індетті жұқтырған.

А. Данияр