Русский Сайттың толық нұсқасы

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жалақысы азаймайды - Сенат

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2021
  • 2008

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жалақысы азаймайды. Бүгін бұл туралы Сенат отырысында айтылды. Тиісті құжат екінші оқылымда мақұлданды. Заңға сәйкес уақытша қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерді коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету жұмыс берушінің міндетіне кіреді. Сонымен бірге, орындалатын жұмыс көлемі сақталған жағдайда қызметкердің жалақысын төмендетуге мүмкіндік бермейтін норма енгізілді. Тек бұл емес, бұдан былай қашықтан және аралас қашықтан жұмыс істеу ұғымы енгізілмек.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Елде азаматтар қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен кезде. Тиісті заңнамалық реттеудің жоқтығы еңбек қатынасында кейбір мәселені туғызғаны белгілі. Осы заң құқықтық негіздерді қалыптастыруға арналған. Сондықтан бұл нормалардың маңызы зор.

Ғ. Өтемісов