Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте биыл кавасаки синдромының бір жағдайы тіркелді

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2021
  • 2795

Шымкентте кавасаки тәрізді синдромға шалдыққан 9 жасар бала жазылып шықты. Қалалық балалар ауруханасына түскенде жеткіншектің өкпе, бүйрек , бауыр мен орталық жүйке жүйесі сыр берген. Тиісті ем дом алып, үйге шыққан науқас әлі де учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Бұл биыл тіркелген бірінші жағдай. Ал былтыр кавасаки тәріздес мультижүйелі қабыну синдромы төрт баладан анықталған. Олар әлі күнге дейін дәрігерлердің қадағалауында дейді пульмонология бөлімінің меңгерушісі. Мамандар балалар арасында бұл дерт сирек кездесетінін айтады. Былтыр іш өту, ас қорыту жүйелерінің бұзылу белгілері болса, биылғы науқаста дерт жеңіл өткен.

Ерғали ҚАЛЫБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ПУЛЬМОНОЛОГИЯ БӨЛІМІНҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бізге қабылдау бөліміне келген кезде ең бастысы анамнез, бала төрт аптаның ішінде коронавирустық жаңағыдай ауырған науқастармен контактта болса ол ең бірінші анамнезі бар. Бронх өкпе жағынан, одан кейін ас қорыту жүйесі бойынша асқынулары болса, бронх өкпе жағынан тыныс жетіспеушілігі, рентген картинасы, лабораторлық зерттеулерге байланысты қойылады

А. Төребекқызы