Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл халқы әкімді өздері таңдайды

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2021
  • 2932

Орталық сайлау комиссиясы ауыл әкіміне кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады.Сондай-ақ жиында кандидаттарды ұсыну қалай жүргізіледі, сайлауды өткізуге қанша қаражат жұмсалатыны туралы айтылды. Мамандардың айтуынша, әкімдерді сайлау кезінде Орталық сайлау комиссиясы өз өкілеттіліктері шеңберінде аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік қолдау көрсетеді. Жыл соңына дейін 700 әкім сайланады.

Ерлан ДАУЫЛБАЕВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бірінші жасы 25-ке толған. Екінші заңда берілген тәртіппен танылған іс-әрекетке қабілеттілігі, соттылығының болмауы және сыбайлас жемқорлық қылмыс, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаудың болмауы. Үшінші ҚР-ның мемлекеттік қызмет саласында заңнамасының талаптарына сәйкестігін тиісті аудандық сайлау комиссиясы ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттік орган анықтайды.

Л. Қуанышқызы