Ақпарат саласының үздіктеріне Президенттің сыйлығы мен гранттары табысталды. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін құттықтаған Мемлекет басшысы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Өз кәсібінің майталманы болған қарымды журналистерге қашан да қолдау көрсетіледі. БАҚ саласындағы дәстүрлі Президент сыйлығы – соның бір көрінісі,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сыйлық иегерлерінің есімдері қазақ журналистикасының жылнамасына жазылатынын атап өтті. Жыл сайын ең таңдаулы журналистерге берілетін марапат осымен жиырма бесінші рет табысталып отыр.
Ғ. Өтемісов