Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық тұрғындар трамвай депосы жойылғалы қалада жүріп-тұру қауіпсіз дейді

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2021
  • 1712

Алматылық тұрғындар басынан дау арылмаған трамвай депосы жойылғалы қалада жүріп-тұру қауіпсіз болды дейді. Олардың сөзінше, тұралаған техникалар іске қосылса жол апаттары көбейеді. Әрі шаһарда кептеліс жиілеп, қозғалыс қиындайды. Жалпы трамвай депосы мегаполисте осыдан алты жыл бұрын тоқтатылған. Бұған негізгі себеп – темір жолдардың тым нашарлығы болды.

Еліміздің ең ірі мегаполисіндегі трамвай депосы қалада 2015 жылы тоқтатылды. Оның бірнеше себебі бар. Ең бірінші -трамвайлардың ірі жол апаттары жиілеген. Ауыр вагондар Шевченко мен Масачни көшелерінің бойында 17 жеңіл көлікті жаншып тастаған еді.

Апаттардың себебі көбіне тежегіштің дұрыс жұмыс істемеуінен деп болжам жасалды. Рельстен шығып кету жағдайлары жиіледі. Зардап шеккендер көп болды. Артынша сол кездегі қала әкімі темір жолдардың әбден тозып, тот басқанын анықтады.

Кейіннен Бауыржан Байбек трамвай депосын тоқтату туралы шешім шығарды. Тұрғындар да экс-әкімнің шешімін бір ауыздан қолдаған. Енді жұрт қоғамдық көліктің бұл түрі қайта қосылса, тынышымыз бұзылады дейді.

– Әрең жүреді. Сондықтан кейбір авто, көлікпен қақтығыстар көп болды. Көшелеріміз тар трамвай үшін. Трамвай көп орын алады.


– Оны вообще қоймау керек деймін.

– Трамвайды ма?

– Иә,

– Неліктен? Сол өйткені жол апаты болады. Кедергі жасайды. Пробка болады.


Десе де трамвай депосы қараусыз қалмаған. Оның орнында жастарға қызмет ететін «Лофт-орталық» ашылды. Мұнда тегін сабақтар оқытылып, баспана мәселесіне бағыт-бағдар беріледі.

Алма АУҒАНБАЕВА, АЛМАТЫ қ. ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Орталығымызға шығармашыл жастар жиналады. Олар дайындықтарын жүргізіп, әр түрлі тақырыпта қойылымдар қояды. Жастарға мемлекеттің бағдарламаларға қалай қатысып, қалай үй мәселесін шешуге болатынын да айтамыз. Жеке кәсібін ашуға да бағыт-бағдар береміз.

Депоны реконструкциялау мұнымен тоқтамайды. Қазір аумақта ресурстық орталықтың екінші нысаны салынып жатыр. Онда түрлі жаттығу алаңдары мен көрме, музей орналаспақ.

Ә. Лесбек