Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰҚК қызметкерлері халықаралық есірткі арнасын анықтады

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2021
  • 1884

ҰҚК қызметкерлері Ауғанстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаған халықаралық есірткі арнасын анықтап, жолын кесті. Қылмыстық топтың басшысы ресейлік 25 келі ауыр есірткіні тасымалдау кезінде Алматыда ұсталды. Ол Тәжікстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланған. Күдікті Ресейде осындай қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген болатын. Сонымен бірге оның сыбайласы Қазақстан азаматы да құрықталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар аса ірі көлемде есірткі тасымалдағандары үшін мүліктері тәркіленіп өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

А. Қуаш