Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысында малдың қырылу себебін талқылады

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2021
  • 1408

Маңғыстау облысында мал неге қырылды. Кінәлі кім?  «Nur Otan» фракция мүшелері. Аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында   мәселені жан-жақты талқылады.

Иван САУЭР, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Малдар әдетте қыста жем-шөп жетпей қырылатын. Ал енді маусымда көз алдымызда өліп жатыр. Қабырғалары жабысқан түліктер. Малды осындай күйге жеткізу керек пе еді. Бұл жағдайды қалай жөнге келтіресіздер?
 
Ал, ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Маңғыстау облысына 600 тоннадан астам арпа арзан бағамен жеткізілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, жем сатып алуға облыстық бюджеттен екі жүз миллионнан астам теңге бөлінген.  Сондай-ақ бір жарым мың тоннаға жуық шөп Қызылорда облысына жөнелтілген.

Б. Сатуов