Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы «Адамдарға арналған қала» қағидасы бойынша дамуын тоқтатпауы керек - Э.Эдоков

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2021
  • 1532

Алматыда көлік инфрақұрылымын дамытуды тоқтатпау қажет. Өйткені жаңа реформа қаланы өзге елдерге үлгі болатындай өзгертті. Шаһарда жүзеге асырылған  жол-көлік жобаларына  Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы осылай деп пікір білдірді. Эдуард Эдоковтың айтуынша, биліктің көлік реформасы мегаполисқа оң әсер берген. Ескі автобустар жаңартылып, веложолдар салынған.

Кептеліс мәселесі көлік нөпірі толастамайтын Алматыда бұрыннан бар. Бұған себеп, мегаполистегі халық пен көліктің көптігі. Сондай-ақ автобустар ескіріп, олардың қалыпты жүруіне жағдайдың жасалмауы. Атқамінерлер бұл жайттардан хабардар болғанымен мәселе шешімін таппаған.

Дегенмен билік басында болған Ахметжан Есімов біраз олқылықтарды оңалтты. Сәулетші Ян Гейлдің ұсынысымен кешенді көлік реформасын жасады. Одан кейінгі қала әкімі Бауыржан Байбек те тың бастамаларды жүзеге асырды. Көлік инфрақұрылымын дамытып, автобус жолақтары мен веложолдар салды. Тимирязев көшесіне БРТ желісін іске қосты. Қоғамдық көліктерге «Оңай» электрондық билеттеу жүйесін енгізді. Нәтижесінде автобусқа мінетіндер көбейді.

Эдуард ЭДОКОВ, ТӘУЕЛСІЗДІК АВТОКӨЛІК ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл игі бастама Алматыны біраз өзгертті. Экологияны жақсартты. Бұрын будақтаған түтінімен қаланы шарлап жүрлеп автобустар толығымен жаңартылды. Оларға арнайы жолақтар сызылып, халық автобусқа міне бастады. Діттеген жерлеріне тез жетіп, кептеліс азайды.

Жаңа реформа аясында сиқы бұзылған шаһардың ажары кірді. «Орбита» шағынауданынан «Көк базарға» дейін веложолдар салынды. Онда 2000-ға жуық велосипедке арналған 200 велостанция орнатылды.  

Эдуард ЭДОКОВ, ТӘУЕЛСІЗДІК АВТОКӨЛІК ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мәселен Шевченко көшесінің бойын алайық. Велосипед, электрлік скутерлері бар адамдарға өте ыңғайлы. Бастысы қауіпсіз. Әркім өз бағытымен жүреді.  

Кейіннен қалада ерекше техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған электро автобустар пайда болды. Замануи қоғамдық көліктер балалар мен мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға ыңғайлы деп танылды. «Falcon EuroBus» компаниясының автобустарын Қазақстан-Германия-Гонконг елдерінің өндірушілері бірлесіп жасаған. Бұл өзгерістер тұрғындардың да көңілінен шықты.

БЛИЦ:

- Велодорожка, самокат жүретін жерлер жасап қойған. Ол енді жолдың шетінде, қауіпсіз. Мысалы мен өзім көп велосипед айдаймын. Велодорожкалардың жасалуы ол әрине қала үшін өте жақсы.

- Автобустар тез келетін болды ғой. Бұрын 40 минуттап күтетінбіз оларды. Қазір кептеліссіз жүреді.


Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолағы да көбейді. Қала толығымен аббатандырылып, тұрғындар мен қонақтарға ыңғайлы жағдай жасалды. Мамандар мұндай өзгерістердің қалада тоқтап қалмай керісінше қарқын алуы дейді.

Ә. Лесбек