Русский Сайттың толық нұсқасы

Семей ядролық медицина орталығы науқастарды емдеуге дайын

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2021
  • 1439

Семей ядролық медицина орталығы алғашқы емделушілерді қабылдай бастады. Еліміз үшін бірегей медициналық мекеме онко және кардио ауруларын емдеуге бағытталған. Орталықта жылына 6 мың адам ем алуына мүмкіндік бар.  Отандық медицинаның озық үлгісі жайлы әріптесім Ғалымжан Өтемісов тарқатады.

Дәрігер Татьяна Белихина бірнеше күн бұрын ғана оқудан оралды. Ол шетелдік клиникада радиофарм препараттарымен емдеу бойынша тағылымдамадан өтті.

Татьяна БЕЛИХИНА, СЕМЕЙ қ.  ЯМО ДАМУ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер біз қалқанша безінің қатерлі ісігі туралы айтатын болсақ, адам йодты қабылдаған алғашқы күні біз өкпеде метастаздарды көреміз, қалдық тіндерін анықтап, 5 күннен кейін біз сол йодпен сканерлейміз. Бұл медицинаның озық үлгісі дер едім.


Ал науқастар үшін бұл жаңа өмірге мүмкіндік сыйлайды. Шынында да, ядролық медицина орталығында онкологиялық науқастардан басқа, стереотоксикоз диагнозы бар адамдар да емделеді.  Оларға енді гормондарды қабылдаудың қажеті жоқ дейді мамандар.

Батыржан ҚАРАКӨЗОВ, "ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫ" РМК БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біздің жол жүру уақытымыз ең көп дегенде бір тәулік ішінде қалыпты дәрі-дәрмектерді алу үшін есептелген. Біз қазір үкіметке және басқа да мүдделі органдарға жергілікті отандық авиатасымалдаушыға лицензия алу үшін, содан кейін радио препараттарын 2 сағат ішінде жеткізу үшін жүгінуге дайынбыз.


Еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарова орталықтың ашылуын тарихи оқиға  деді.  Ол орталықтың емдеу стандарттарына сай жабдықталғанын атап өтті.

Диляра ҚАЙДАРОВА, "ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ" ДИРЕКТОРЫ:


2016 жылдан бастап біз жобаны жүзеге асыруға көп күш жұмсадық. Біздің науқастар үшін онкологиялық қауымдастық үшін бұл үлкен жетістік.

Алғашқы 15 науқас   радиофарм препараттарын қабылдай бастады. Емдеу курсы 7 күнге созылады.

Ғ.Өтемісов