Русский Сайттың толық нұсқасы

«Дельта» штаммын балалар 5 есе жиі жұқтырады

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2021
  • 2294

«Дельта» штаммын балалар 5 есе жиі жұқтырады. Бұл туралы профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман айтты. Сарапшылар коронавирустың «дельта» нұсқасы «ұлыбританиялыққа» қарағанда 60 пайызға жұқпалы, вирустың барлық нұсқасымен салыстырғанда өте қауіпті деп отыр.Сондықтан, елдегі эпидемияға қарсы шараларды күшейту қажет,дейді мамандар.

Алмаз ШАРМАН, ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ,ПРОФЕССОР-ИММУНОЛОГ:


«Дельта» штаммының ерекшелігі, балалар 5 есе жиі вирусты жұқтырып жатыр. COVID-19 жасарып келеді. Балаларда бұл вирустың қалай өршитінін ойлау да қорқынышты. Ересек адамдарға келер болсақ, вакцина салдырмағандар жұқтырып, ауруханаға түседі. Сондықтан, екпе коронавирустың барлық түрлерінен қорғайтын тиісмді тәсіл екенін тағы айтамыз.

Л. Қуанышқызы