Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада карантин тағы күшейеді

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2021
  • 2392

Елордада карантин тағы күшейеді.   Бас санитария дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, 2-шілдеден бастап онлайн форматта ұйымдастыруды есептемегенде, жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге, саябақ аймағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың жұмысына тыйым салынды. Ashyq жобасына қатысатын театрлар, филармония сияқты нысандардағы орындар 20% ғана толуы тиіс.Ал, кинотеатрлардағы көрермендер саны 30%-дан аспауы керек. Жұмыс кестесі жұмыс және демалыс күндері 10-00-ден 24-00-ге деп белгіленген. Барлық нысандарда қатаң санитариялық-профилактикалық іс-сақталуы міндетті.  

Л. Қуанышқызы