Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық дәрігерлер нейрохирургия бөлімшесінің жабылуына қарсы

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2021
  • 2327

Аты бар, заты жоқ. Елордадағы №1 көп салалы аурухананың нейрохирургтері   жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен құрылғылардың кейбірі жоқ деп наразылық танытты.  Тіпті бар құрылғының өзі дұрыс жұмыс істЕмейді дейді олар. Дәрігерлер осыны айтып, бас дәрігерге шағымданса,  басшылық қоқан-лоққы көрсетіп, сөз тыңдамаған көрінеді.  Нейрохирургия бөлімшесі тарап кете ме деп қауіптенген ақ халаттылар біздің редакциямызға хабарласты.  

Арнамызға хабарласқан дәрігерлер бізді бөлімшеге кіргізіп, жағдайды көрсетуге тырысты. Бірақ, аурухананың күзетшілерді оны жақтыра қоймады. Камераны көрген соң   қарсылық білдіріп, тіпті  ашықтан ашық әріптестеріне қысым жасады.

Аурухана әкімшілігі 22- шілдеде бөлімшені жабамыз деп мәлімдеген көрінеді.  Ал дәрігерлердің сөзінше бұл -қаладағы жалғыз нейрохирургия.   Науқастарға жедел көмек көрсететін мамандар  күніне орта есеппен 60-70 адамды қабылдаймыз дейді.  

Жәнібек ӘЛЖІКОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. №1 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ДӘРІГЕРІ:

Инсульт және травмотология бөлімшесіне қарай біздің нейрохирургтерді бөлмекші. Біз бас дәрігермен кездестік мотивациялық түрде деп айтып жатты. Бұл қандай мотивация екеніне нақты жауап ала алмадық. Біздің бөлімше керісінше көп жұмыс істеп жатыр. Көп операциялар жасап жатыр, қаржы жағынан да қаржы түсіп жатыр.

Мәселе мұнымен де бітпейді. Бөлім меңгерушісі  операцияға қажетті құрал-жабдықтардың тапшылығы барын жеткізді. Сондай-ақ, ауруханаға түскен науқастарды тексеретін құрылғылар жиі істен шығады,- дейді ол.

Файзулла СМАҒҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. №1 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Микроскоппен болатын операция кезінде құрылығының істен шыққан кезі де болды. Оның орнына жаңасы сатып алынған жоқ. Қазір операциялық үстелдерде көп бұзылады. Өйткені, ота залындағы температура тұрақты емес. Нормаға сай келмейді.

Аурухананың бас дәрігеріне хабарластық. Бірақ ол өзгеге сілтеді.

Ал жауапты басқарманың мамандары  мұндай практика бұған дейін де болғанын айтады. Орындар  сақталады, науқастарға ешқандай қолайсыздық тумайды дейді.Құрал-жабдықтар мәселесінің де    ретімен шешілетінін айтты.  

Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Наразылықтарды тыңдап шықты. Бірге шешімін іздейтін болып келісті. Қазіргі уақытта мәселе толықтай басқарма басшысының назарында.

30 қызметкердің тағдыры назардан тыс қалмайды деп сендірді. Бөлімшені сақтап қалу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылмақ.  

А. Данияр