Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының Саммитіне қатысты

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2021
  • 1606

Елбасы Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының Саммитіне қатысты.  Іс-шара Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған. Жиында сөз алған еліміздің Тұңғыш Президенті Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталды. Елдің көркейіп дамуы халықтың аянбай еңбек етуі мен олардың жетекші партияға деген зор сенімінің арқасында екенін ерекше атап өтті.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы жылдар бойы билеуші күш бола отырып, біз партияда ең басынан бастап өзіміздің басты басымдығымызды айқындадық. Отандастарымыздың әл-ауқатын арттыруға күш жұмсадық. Бұған әлемдік аренада еліміздің алатын орны толық дәлел деп айта аламын.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ әлемді әбігерге салған пандемияға қатысты туындаған мәселелерге тоқталды.  Жаһандық сын-қатерлерді азайтуда саяси партиялар жұмысының маңыздылығы зор -деді Елбасы.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Covid-19 пандемиясы жаһандық сын-қатерлерге халықаралық әріптестік пен өзара қолдау жағдайында ғана тиімді жауап беруге болатынын тағы да дәлелдеді. Мұнда саяси партиялар оң рөл атқара алады және атқаруы керек. Бұл ретте халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы моделі теңдікке, барлық тараптардың дәстүрлерін, құндылықтары мен ерекшеліктерін өзара құрметтеуге негізделуге тиіс.

Ғ. Өтемісов