Русский Сайттың толық нұсқасы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру қажет - Депутат

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2021
  • 1967

Елде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру қажет. Әсіресе құрылыс кезінде нысандардың барлық санаттағы азаматтарға қолжетімді болуы үшін бақылау жүйесін құру маңызды. Мұндай ұсыныс «Nur Otan» партиясы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды. Жиынға қатысушылар биыл бұл мақсатта 5 заңды  қабылдау жоспарланғанын атап өтті. Оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік және инклюзивті білім беру бағытына ерекше назар аударылған. Кеңес Төрағасы Елнұр Бейсенбаев жоспарларды іске асыру үшін әдістемелік ұстаным әзірлеуді ұсынды.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Елімізде барлық өңірлерде «Nur Otan» партиясының жанынан ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылым мен қоғамдық көлік нысандарының қолжетімділігіне арналған 227 мониторингтік топ құрылды. Бұл жұмысқа шамамен 1 630 адам тартылды. Жауапты министрліктер 2 ай ішінде топтардың жұмысын біріздендірсе жұмыс қарқыны арта түсер еді.


Ғ. Өтемісов