Русский Сайттың толық нұсқасы

Литвада ерекше фотокөрме ашылды

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2021
  • 1648

Вильнюстің ең танымал туристік ауданы – Ужуписте, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және елорда күніне арналған ерекше фотокөрме ашылды. Оны Қазақстанның Литвадағы Елшілігі «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының қолдауымен ұйымдастырды. Литвалықтарға біздегі серпінді өзгерістер, тарихи ескерткіштер мен көзтартарлық табиғат - фотосуреттер арқылы ұсынылды. Фотокөрмені ашу салтанатында сөз алған Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев, көрмедегі суреттер - Қазақстанның 30 жылдағы жетістіктерін баяндайды дейді.

Виктор ТЕМІРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛИТВАДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Бұл көрме қазіргі Қазақстанның өмірінен сыр шертеді. Ол біздің тарихымыз және бізге ата-бабаларымыздан қалған сұлу табиғатымыз, сондай-ақ Қазақстанның жетістігі, қазіргі прогресі. Әрине, қазіргі Қазақстанның басты байлығы - Тәуелсіздіктің ұрпақтары. Сондықтан бүкіләлемге танымал Қазақстанның жастарының да фотосуреттерін осындай арнайы қойдық.

Көрме орналасқан Вильняле өзенінің жағалауы қала тұрғындары мен туристердің демалысы үшін сүйікті орындардың бірі болып табылады. Арнайы QR кодтың көмегімен кез-келген адам көрменің сипаттамасын оқи алады. Көрме шілде айының соңына дейін өтеді.


А. Базарбай